Жаңалықтар

GBG құрылыс компаниясының «Dauletti Qalashyq» тұрғын үй кешені OMIR  алтын сертификатын алды

GBG құрылыс компаниясының «Dauletti Qalashyq» тұрғын үй кешені OMIR  алтын сертификатын алды

GBG құрылыс компаниясының «Dauletti Qalashyq» тұрғын үй кешені OMIR ғимараттарын экологиялық бағалаудың қазақстандық жүйесі бойынша сертификатталды. Нысан құрылыс сипаттамалары бойынша жоғары талаптарды көрсетіп, OMIR алтын сертификатын жеңіп алды.
Тұрғын үй кешенінің концепциясы толыққанды өмір сүруге қажеттінің барлығын қамтамасыз етеді. Кешеннің артықшылығы – әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының жақын арада болуы. Кешеннен жаяу қашықтықта: Бином және №57 пен №13 мектептер, Нұрлы жол вокзалы, үш балабақша, №15 қалалық емхана, «Астана медицина орталығы» клиникасы, фитнес-клуб, супермаркеттер және т.б. нысындар орналасқан.
Тұрғын үй кешенінің ауласы - автокөліксіз форматында, пәтер ішінде ғана емес, оның сыртында да ыңғайлылық пен жайлылықты бағалайтын адамдар үшін тамаша және қауіпсіз таңдау. Үйдің ауласында балалар ойын алаңдары, спорт алаңдары, аула кеңістігінің ландшафты дизайны бар.
Ғимараттың тағы бір артықшылығы – заманауи технологиялық шешімдер (IP домофон, Touch ID электронды құлыптары, өрт дабылы, Face ID) арқылы қауіпсіздіктің жоғары деңгейі.
Құрылысшы ​​энергия шығындарын айтарлықтай төмендететін және қосымша бақылауды қамтамасыз ететін смарт жарықтандыру жүйесін пайдаланғанын атап өткен жөн.
GBG компаниясын Dauletti Qalashyq тұрғын үй кешенін сәтті сертификаттауымен құттықтаймыз. Алдағы жұмыстарына табыс тілейміз.
 

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.