Жаңалықтар

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ ИПОТЕКА» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ ИПОТЕКА» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР

2023 жылдың ақпан айында «Отбасы Банкі» АҚ Ақтөбе қаласындағы жетекші құрылыс компаниялары үшін жасыл ипотека бойынша семинар ұйымдастырды. Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі атынан семинарда техникалық директорымыз Айман Шопаева презентация жасап, қатысушыларды KazGBC қызметімен және OMIR стандартымен таныстырды. OMIR стандартына қойылатын талаптар мен сертификаттау процедуралары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Айман энергетикалық паспортты дайындау мен рәсімдеуге ерекше көңіл бөлді.

KazGBC ұжымы «Отбасы Банкі» АҚ және барлық қатысушыларға семинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді.

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.