Жаңалықтар

Әзірбайжан Жасыл құрылыс Кеңесімен (AzGBC) бірлескен жұмыс басталы кеттi

Әзірбайжан Жасыл құрылыс Кеңесімен (AzGBC) бірлескен жұмыс басталы кеттi

KazGBC жасыл құрылыстың ұлттық стандартын әзірлеу бойынша Әзірбайжан Жасыл құрылыс Кеңесімен (AzGBC) бірлескен жұмыстың басталғанын мақтанышпен хабарлайды. 
Бұл ынтымақтастық бұрын қол қойылған “Орталық Азия-Каспий-Кавказ” ұлттық жасыл құрылыс стандарттары саласындағы келісім аясында жүзеге асырылады.
Жұмыс тобы алғашқы техникалық жиналысын сәтті өткізіп, стандартты әзірлеуге кірісті.
Әзірбайжанның ұлттық стандарты “OMIR”ғимараттарды экологиялық бағалаудың қазақстандық жүйесі негізінде дайындалады және жергілікті нарыққа бейімделеді.
Жұмыс тобының құрамына KazGBC, AzGBC өкілдері, мамандандырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары, сәулетшілер мен Әзірбайжандағы жобалау компанияларының қызметкерлері кірді.
Бұл жобаның болжамды аяқталуы– 2024 жылдың қарашасы. Әзірбайжан ұлттық стандарты шыққаннан кейін Бакудегі ғимараттардың бірінде пилоттық сертификаттау жүргізіледі.
Сондай-ақ осы жылдың қараша айында Бакуде жасыл құрылыс бойынша ауқымды халықаралық конференция өтіп, онда жаңа стандарт көпшілік назарына салтанатты түрде ұсынылады. Бұл конференция 2024 жылғы 11-22 қарашада Бакуде өтетін COP 29 (БҰҰ Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы) аясында өткізіледі.

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.