Жаңалықтар

2024 жылғы 18 қазанда Астанада «Қазақстанның тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру мәселелері» атты конференция өтті

2024 жылғы 18 қазанда Астанада «Қазақстанның тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру мәселелері» атты конференция өтті

2024 жылғы 18 қазанда Астанада «Қазақстанның тұрғын үй секторындағы энергия тиімділігін арттыру мәселелері» атты конференция өтті.
Конференция Қазақстан-Германия энергетикалық диалогы, Қазақстан мен Германия үкіметтерінің энергия тиімділігі мен жаңартылатын энергия көздері саласындағы ынтымақтастығы аясында болды.
Конференцияны Германияның Берлин қаласында орналасқан Неміс энергетикалық агенттігі (dena) ұйымдастырады.
Бұл конференцияға KazGBC қызметкерлері: Александр Белый мен Айман Шопаева да қатысты, сонымен қатар, Александр панельдік сессиялардың біріне модераторлық етті.
Конференцияда тұрғын үй қорын жаңарту және жасыл құрылысты дамыту мәселелері қызу талқыланды. Құрылысшылар мен құрылыс салушыларды материалдық ынталандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, ”Отбасы Банкі” АҚ өкілдері ғимараттарды сертификаттауда құрылыс салушылардың белсенділігін арттыратын “Жасыл ипотека”бағдарламасы туралы айтты.
Қазіргі уақытта KazGBC Қазақстанның құрылыс нарығына қатысушыларына қажетті де белсенді сертификациялауға мүмкіндік беретін ғимараттарды жаңғырту стандарттарының кешенін әзірлеуде.
Жаңа стандарттар туралы толығырақ алдағы басылымдарда айтамыз!
Біздің жаңалықтарды бақылаңыздар!

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.