Жаңалықтар

OMIR көппәтерлі тұрғын үйлері. Нұсқа 02-202

OMIR көппәтерлі тұрғын үйлері. Нұсқа 02-202

Құрметті әріптестер және серіктестер , ағымдағы жылдың ақпан айының соңында Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесі (KazGBC) көп пәтерлі тұрғын үйлерге арналған OMIR стандартының жаңа нұсқасын шығарды. Өзгерістер алдын ала және қорытынды сертификацияның жарамдылық мерзіміне қатысты.

Стандарттың жаңа нұсқасына сай, алдын ала сертификат нысан пайдалануға берілгенге дейін жарамды, бірақ берілген күннен бастап екі жылдан аспауы керек. Қорытынды сертификаттың мерзімі екі жылға жарамды, содан кейін верификация жүргізілуі керек, бұл сертификаттың әрекет ету мерзімін тағы үш жылға ұзартады. Өзгерістер нысанды міндетті түрде визуалды тексеру процесіне де әсер етті.

Есік-терезе конструкцияларын орнату сапасы; шатырды оқшаулауың тексерісіне ерекше назар аударылады. Сондай-ақ, энергия, жылу және су ресурстарының нақты тұтынуы туралы ақпарат сұралады, бұл ғимаратты пайдалану кезіндегі шығындарды дәлірек талдауға, яғни оның қоршаған ортаға әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Стандарттың жаңа нұсқасы kazgbc.kz сайтының «сертификаттау» бөлімінде қолжетімді. 

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.