Жаңалықтар

Кеңестің жаңа серіктесі - Hayat Construction Group

Кеңестің жаңа серіктесі - Hayat Construction Group

KazGBC ұжымы Кеңестің жаңа платина серіктесін Hayat Construction Group компаниясы туралы құана хабарлайды!
Hayat Construction Group өз қызметің 2018 жылы Алматыда Alatau Village коттедждік қалашығымен бастаған құрылыс компаниясы. Жоба нарықта жоғары бағаға ие болып, ірі сатылымдарды көрсетті. Бес жылдан астам уақыт бойы Hayat Construction Group командасы Қазақстандағы және шетелдегі ең сапалы нысандарды жобалау мен салумен айналысады. Компания жоғары құрылыс сапасы және сенімді өнімділікті қамтамасыз ете отырып, әрбір жобаға үлкен күш салады.

Компанияның ең танымал жобалары:
-  “Alatau Village” коттедж қалашығы
- "Besagash" тұрғын үй кешені
-  Үш қабатты тұрғын үй кешені - “Hayat Park"
- “Hayat Regency” үш қабатты тұрғын үй кешені

Hayat Construction Group жасыл құрылысты қолдау арқылы экологиялық мәселелерге ерекше көңіл бөлуді ұйғарды. Компания өз нысандарында экологиялық құрылыстың әдістері мен принциптерін белсенді түрде енгізеді.
Біз Hayat Construction Group компаниясын Кеңестегі платина мүшелігімен құттықтаймыз және ұзақ мерзімді және келешегі зор ынтымақтастыққа үміт білдіреміз.

Поделиться в соцсетях:

    Comments ()

      You need to login to create comments.