АСТАНА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫНДАҒЫ ЖАҢА ЖОБАЛАР ҚАЗАҚСТАН ЖАСЫЛ ҚҰРЫЛЫС КЕҢЕСІНІҢ (KAZGBC) OMIR СЕРТИФИКАТЫН ИЕЛЕНДІ.
Астана және Алматы қалаларында OMIR ғимараттарды экологиялық талдаудың қазақстандық жүйесі бойынша бірден бес ғимарат сертификатталды.
Елордадағы Ferrum Compass-N құрылыс компаниясының “Compass North” тұрғын үй кешені OMIR жүйесі бойынша «қола» сертификатын иеленді (қорытынды сертификат). Бұл тұрғын үй кешенінің құрылыс материалдары жоғарғы сапалы және жақсы шу және жылу изоляциясы бойынша биік индекстерді көрсетті. Тұрғын үй Астананың инфрақұрылымы дамып келе жатқан аймағында орналасқан, қоршаған ортаға және климатқа кері әсерді азайтатын технологиялармен жабдықталған ғимарат болып табылады.
Алматыдағы MG City құрылыс компаниясының “GREEN CITY” тұрғын үй кешенінің екі үйі OMIR стандартының «алтын» сертификатын (финалды сертификат) алды. Құрылыс кезінде энергияны үнемдеуге, қоршаған ортаға және климатқа әсер етуді азайтуға, сондай-ақ тұрғындар үшін салауатты қоршаған ортаны қалыптастыруға ықпал ететін материалдар мен технологиялар қолданылды. Бұл болашақта 27 тұрғын үйден тұратын кешеннің бір бөлігі, сонымен қатар осы кешенде мектеп, балабақша және жалпы сыйымдылығы 1600 көлікке арналған екі автотұрақ болады. MG City құрылыс компаниясы Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) мүшесі болып табылады.
Елордада тағы екі жаңа ғимарат OMIR ғимараттарды экологиялық талдаудың қазақстандық жүйесі бойынша алдын ала сертификаттаудан өтті. «Бағыстан» (М2 Development құрылыс компаниясы) көпқабатты тұрғын үй кешені жобалық сертификаттауды «Алтын» деңгеймен тамамдады. Бұл тұрғын үй кешені қаланың сол жағалауындағы қарқынды дамып келе жатқан ауданда орналасқан. Үйдің қасбеті қатты желден сенімді қорғайтын керамикалық плиткамен қапталған, бұл Астана қаласы үшін ерекше маңызды. Кешеннің артықшылығының бірі – қимыл-қозғалысы шектеулі мен қарт адамдарға үйге кіру ыңғайлылығы. Құрылыс компания тұрғындарға әрлеуді, сондай-ақ пәтерлердің жобасының 22 нұсқасын ұсынады. М2 Development компаняисы Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) мүшесі болып табылады.
Базис-Астана құрылыс компаниясының «Discovery» тұрғын үй кешені OMIR стандарты бойынша алдын ала сертификаттаудан өтіп, «Алтын» деңгейін иеленді. Бұл тұрғын үй кешені А.Байтұрсынұлы, Қ.Әзірбаев және 23-16 көшелеріннің қиылысында, инфрақұрылымы бай жаңа перспективті аумақтың бір бөлігі болып табылады. Құрылыс процесінде қоршаған ортаға әсерді азайту және ғимаратты пайдаланушылардың жайлылығын жақсарту үшін жасыл технологиялар қолданылады. Базис-Астана Қазақстандық жасыл құрылыс кеңесінің (KazGBC) мүшесі.
KazGBС ұжымы құрылыс компанияларды ғимараттарды сертификатталуымен құттықтайды және Қазақстандағы жасыл құрылысты дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс айтады. Жасыл Қазақстанды бірге құрамыз!
Comments ()
You need to login to create comments.